+7 (701) 759 90 19
USD 422.87 EUR 503.38
RUB 5.6 CNY 64.3
Jańalyqtar

Шымкенттегі коронавирус жұқтырған әйел кешегі науқастың анасы болып шықты

2020 жылғы 25 наурыз 18:08
Бөлісіңіз:
Шымкенттегі коронавирус жұқтырған әйел кешегі науқастың анасы болып шықты

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Бүгін Шымкентте коронавирус жұқтырған адамның жағдайы белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Әбілқайыр Сқақов Павлодар өңірінде КВИ-дің өршуі жайлы: Жағдай бақылауда Шетелден ұшып келген 2 адамнан коронавирус анықталды Қазақстанда 710 бала коронавирустан емделіп жатыр

Бүгінде Шымкент қаласында коронавирус инфекциясын жұқтырған екі адам бар.

1970 жылғы науқастан алынған анализ оң нәтижесін берген. Коронавирус инфекциясы анықталған ошақта кешенді эпидемияға қарсы іс-шаралар атқарылып, қорытынды залалсыздандыру жұмысы толық жүргізілді.

Науқастың қазіргі жағдайы бірқалыпты. Коронавирус инфекциясының диагностикасы мен емі бекітілген хаттамаға сәйкес терапия жүргізілуде.

Айта кетейік, бүгін диагнозы расталған азаматша - кеше коронавирус анықталған азаматтың туған анасы. Баласымен тұрмыстық тығыз қатынаста болғандықтан, азаматша 24 наурыз күні жұқпалы ауруханалар ауруханасына жатқызылып, оқшауланған.

Анализ алынып, 25 наурыз күні оң нәтижесін берген.

Еске сала кетейік, бұған дейін Нұр-Сұлтаннан Шымкентке автобуспен барған жігіттің коронавирус жұқтырғанын, ал бүгін Шымкентте тағы бір адамнан вирус табылғанын жазған болатынбыз.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT