Шымкенттегі кәсіпорында газ баллоны жарылып, бір жұмысшы күйіп қалды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкенттегі кәсіпорындардың бірінде газ баллоны жарылып, бір жұмысшы күйіп қалды. Денесінің 32 пайызын күйік шалған Өзбекстан Республикасының азаматы ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, төтенше жағдай 2-ші желтоқсан күні кафель желімін шығаратын «Асел Text» ЖШС-нің аумағында болған.

«Күндізгі сағат 15:25-те кәсіпорынның ашық алаңында 50 литрлік газ балоны атылды. Соның салдарынан 55 жастағы Өзбекстан Республикасының азаматы күйік жарақатын алды. Оқиға орнына Еңбекші аудандық төтенше жағдайлар бөлімі мен өрт сөндіру қызметінен 11 адам және 3 техника жетті»,- делінген хабарламада.

Қазіргі таңда төтенше жағдайдың себеп-салдары анықталуда.

Айта кетейік, бұл жылыту маусымы басталғалы бері газдан адам өлімі немесе жарақат алумен аяқталған екінші жағдай болып отыр.

null 

Соңғы жаңалықтар