Шымкенттегі инфекциялық стационарда 394 науқас коронавирустан емделуде

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкенттегі инфекциялық стационарда 394 науқас коронавирустан емделуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шымкентте өткен тәулікте коронавирустың 85 жағдайы тіркелді. Оның ішінде 46 адамда белгілері бар болса, 39-да белгілері жоқ. Індет жұқтырған 21 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 64 адам үй бақылауына алынды.

Қазіргі таңға мамандандырылған инфекциялық стационарларда төсек орын толымдығы 47 пайызды құрайды. Инфекциялық стационарда 394 науқас емделіп жатса, 48 науқас жансақтау бөлімінде жатыр.

Бір тәулік ішінде қалада 324 адам вакцина алды (I компонент – 172, II компонент – 152). Егу науқаны басталғалы барлығы 594 774 адам вакциналанды. Оның ішінде 581 276 адам вакцинаның екі компонентін салдырды. Pfizer вакцинасының I компонентін 32 622 адам, II компонентін 14 067 адам қабылдады. Сондай-ақ 72 230 адам ревакциналанды.

Қала аумағында санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына мониторинг жүргізетін 40 мобильді топ жұмыс істеп жатыр.


Соңғы жаңалықтар