Шымкенттегі хайуанаттар бағындағы жағдайға байланысты түсініктеме берілді

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Жаңа жылдық отшашулар Шымкенттегі хайуанаттар бағының жануарларына кері әсер етті. Хайуанаттар бағының директоры Сейдолла Жұбаевтың айтуынша, жаңажыл түні жануарлар қатты күйзелген.

«Зеңбірекпен оқ жаудырғандай болды. Гүрсілдің қатты болғаны соншалық, арқарлар қабырғаға, дуалға секірді. Біз олар мойынын үзер ме екен деп қорықтық. Бүкіл жануарлар дүрлікті. Мен барлық қызметкерлерді жұмысқа шақырттым, жануарларды тыныштандыруға тырыстық», - деп Сейдолла Жұбаев.

Хайуанаттар бағы қызметкерлері жақында ғана босанған ұрғашы аюдың қонжықтарын жеп қоюын да осы жаңажылдық дабырадан көріп отыр. 27 желтоқсан күні дүниеге келген қонжықтарды шымкенттік циркке беру жоспарланған. «Алена» есімді ұрғашы аюдың бұған дейінгі қонжықтары да сонда тапсырылған. Алайда, 1 қаңтар күні бақ жұмысшылары кішкентай жануарлардың дыбысын күндегідей естімеген. «Біз оның қанша қонжықты дүниеге әкелгенін білмейміз. Өйткені, ішке кіре алмадық. Аюдың өзі апанынан шықпады. 4 қаңтарда ғана оны басқа торға алдап түсіріп, апанның ішін қарадық. Бірақ ішінен қонжықтарын таппадық», - дейді Сейдолла Жұбаев. Мамандардың айтуынша, күйзеліс кезінде ұрғашы аю да, басқа да бірқатар жануарлар да «каннибализм» танытады.

Соңғы жаңалықтар