Шымкенттегі емханаларда демалыс күндері де вакцина салынатын болды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкентте медицина мамандары енді демалыс күндері де инфекцияға қарсы вакцинациялау жұмыстарын жүргізеді.

Өткен сенбі, жексенбі күндері бастапқы санитариялық медициналық көмек көрсету ұйымдарында жұмыс істейтін азаматтарға ковидке қарсы екпе салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кетейік, бүгінге дейін 7181 азаматқа коронавирусқа қарсы қарсы вакцина салынған. Екпе алғандардың 70 пайыздан астамы медицина мамандары. Қалғаны мұғалімдер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері.

Еске сала өтсек, екпе салу түрлі санат бойынша кезегімен жүргізіледі. Инфекцияға қарсы вакциналау жұмыстары қаладағы 26 емдеу мекемесінде жүргізілуде. Бұған қоса қосымша 10 бастапқы медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарында вакцинация жасау үшін арнайы кабинеттер дайындалды. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті денсаулық сақтау басқармасымен бірлесіп вакциналау бойынша 450 медицина қызметкері үшін арнайы тренинг, семинарлар өткізді. Бүгінгі таңда вакцина салдыру – коронавирус ауруының таралуын болдырмаудың бірден бір жолы болып отыр. Вакцина тегін және ерікті түрде салынады.


Соңғы жаңалықтар