Шымкенттегі дендросаябаққа Асанбай Асқаровтың есімі берілді

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат- Шымкент қаласындағы дендросаябаққа Асанбай Асқаровтың есімі берілді. Мұндай тарихи шешім Қазақстан Республикасы үкіметінің қаулысынан кейін қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық әкімдіктің мәліметінше, Шымкент қалалық мәслихатының  ХІ сессиясында дендросаябаққа қоғам қайраткері Асанбай Асқаровтың есімін беру туралы ҚР Үкіметіне ұсыныс жіберілген болатын. Бұл ұсыныс Үкіметте қаралып, 23 қазанда қолдау тапты.

Айта кетейік, Асанбай Асқаров 1978 жылдан 1985 жылға дейін Оңтүстік Қазақстан облысы обком партиясының бірінші хатшысы қызметін атқарған. Қаланың көрікті жерінің біріне айналған дендросаябақ та Асқаровтың тікелей атсалысуымен ашылып, халық игілігіне берілген.

Соңғы жаңалықтар