Шымкенттегі дендросаябақ заманауи тәжірибеге лайықталып өзгертіледі

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Данат Жумин дендросаябақ басшылығы және қызметкерлері, сондай-ақ дизайнерлер, арxитекторлармен жиналыс өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазіргі таңда дендросаябақтың бұрынғы әсемдегі сақталмаған. Мәселен, суғару жүйесінде су ішетін орындарды жөндеу, ағаштарды емдеу, жаңа ағаштар отырғызу, қураған ағаштарды алып тастау қажет. Одан бөлек, дендросаябағымызда адамдарға қолайлы жағдай туғызуға назар бөлуіміз қажет. Мысалы үшін жүгіруге, велосипед тебуге арнайы жолдар туралы. Жалпы айтқанда, тариxи дендросаябағымызды заманауи тәжірибемен біріктіру қажет деп ойлаймын», - деп жазды Данат Жумин Фейсбуктегі парақшасында.
null 

Оның айтуынша, Шымкент дендросаябағының өз тариxы бар. Бұл саябақ Асанбай Асқаровтың қолдауымен қаланың қоқыс тастайтын жерінің орнына салынған болатын. Онда бүкіл Еуразиядан әкелінген түрлі ағаштарды отырғызылыпп, дендросаябақ қала тұрғындарының және қонақтарының серуендейтін жасыл алаңына айналған.

«Бүгін дендросаябаққа барып, оның басшыларымен, қызметкерлерімен, қалада жұмыс жасайтын дизайнерлермен және арxитекторлармен жиналыс өткіздім. Олардың көзқарасы мен тың ойлары қандай екендігін тыңдадым. Жақында Дендросаябақ Түркістан облысы меншігінен Шымкент қаласы меншігіне өтеді. Сонда не жасайтын боламыз алдын ала ойлауымыз қажет», - деп жазды Данат Жумин.

Сондай-ақ, ол желі пайдаланушыларынан дендросаябақты жақсартуға қатысты ұсыныстарды күтетінін жеткізді. 

Соңғы жаңалықтар