Шымкенттегі дендробақтан өрт шықты

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкенттегі дендробақтан өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға орнына жедел жеткен өрт сөндірушілер саябақ аумағындағы құрғақ шөптердің жанып жатқанын анықтаған. Өрттің көлемі 0,25 га құрап, оны сөндіруге Шымкент қаласы ТЖД Өрт сөндіру қызметінің 24 қызметкері мен 5 техникасы жұмылдырылды.

«Өрт сағат 19.25-те оқшауланып, сағат 19.31-де толығымен сөндірілді. Өрттен зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Дендросаябақтың аумағы құрғақ шөптерден тазартылмағандықтан, жауапты тұлғалар ҚР ӘҚтК-ның 410-баптың 2-тармағына сәйкес әкімшілік жауапқа тартылуы мүмкін», - делінген Шымкент қаласы ТЖД қоғаммен байланыс тобы таратқан хабарламада.


Соңғы жаңалықтар