Шымкенттегі блокпосттарда рұқсат қағазы жоқ 6 мыңнан аса көлік кері қайтарылды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкенттегі блокпосттарда рұқсат қағазы жоқ 6 мыңнан аса көлік кері қайтарылды. Бұл туралы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалада короновирус инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында сақтық шаралары күшейтіліп, 18 блокпостта соңғы 3 күн ішінде мыңға тарта көлік қаладан шығарылған.

«Блок бекеттерде төтенше жағдай режимін бұзу бойынша 3 оқиға болып, ҚР ӘҚБтК-нің 476-бабымен хаттама толтырылған. Оған сәйкес, тәртіп бұзушылар 10 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не болмаса 15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынады. Бір материал сотта қаралып, қалған 2 оқиға бойынша материал сотқа жолданды», делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар