Шымкенттегі балалар темір жолының орнына веложол салынуы мүмкін

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат -  Шымкенттегі балалар темір жолының орнына веложол салынуы мүмкін. Бұл туралы қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов «Нұр Отан» партиясының кезекті отырысында айтып өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қала әкімінің сөзінше, көптің көңіліндегі мәселе бойынша  қоғамдық тыңдау өткізу қажеттілігі туындап отыр. Себебі, кейінгі кезде көпшілік арасында   балалар теміржолы  шын мәнінде қажет пе деген сауал туындаған.

«Мүмкін, ол жерге веложол салған дұрыс шығар. Мәселен, Орталық стадионнан дендросаябаққа дейінгі аумаққа 7 шақырымдай арнайы веложол салынса, салауатты өмірге бет бұратын тұрғындардың қатары артар еді. Әзірге бұл жоспарды да қарастырып жатырмыз. Жалпы, қала тұрғындарына айтарым, кез келген мәселе бойынша тұрғындармен бірлесіп шешуге дайынбыз. Шымкент - ортақ үйіміз. Барлық толғандырған мәселені мәмілемен шешейік, ұсыныстарыңызды әрдайым ескереміз»,-деді қала әкімі.

Айта кетейік, бұған дейін Шымкенттегі балалар темір жолы істен шығып, оның рельстерін ұрлап кеткен болатын.

 

Фото: otyrar.kz 

Соңғы жаңалықтар