Шымкенттегі балалар саз мектебіне Нұрғиса Тілендиевтің есімі беріледі

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Шымкент қаласындағы № 3 балалар эстетикалық саз мектебіне күйші, дәулескер домбырашы, Қазақ КСР Халық әртісі Нұрғиға Тілендиевтің есімі берілмек. Бұл туралы ашық талқыға шығарылған Үкімет қаулысында көрсетілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Шымкент қаласының білім басқармасының «№ 3 балалар эстетикалық саз мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына Нұрғиса Тілендиевтің есімі берілсін», - делінген қаулыда.

Еске сала кетейік, бұған дейін Үкімет қаулысымен Түркістан облысындағы 26 мектеп пен 3 кітапханаға тарихи қазақ тұлғаларының есімі берілген болатын.

Сондай-ақ, Қостанайдағы халықаралық әуежай ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының, ал Орал әуежайы Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметова есімімен аталды.


Соңғы жаңалықтар