Шымкенттегі Астана күндері қалай өтеді

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкенттегі Астана күндері қалай өтеді және несімен ерекшеленеді. Бұл мәселеге қатысты мәліметтерд мегаполистің әкімшілігі берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Астана күндері аясында 28-30 шілде аралығында Шымкентте бірқатар мерекелік шаралар ұйымдастырылады. Үш күн бойы бейнелеу өнері музейінде тұрғындар мен қонақтар «Астанаға, ерекше сүйіспеншілікпен» атты көрмені тамашалай алады.

28 шілде күні орыс драма театрының сахнасында Қанат Жүнісовтың «Сәкен, сұңқар» тарихи драмасы, ал 29 шілдеде Серік Тұрғынбекұлының «Шәмші» элегиясы сахналанады.

28-30 шілде аралығында «Оңтүстік цирк» аренасында бірқатар қойылымдар қойылады. 28 шілде күні «Түркістан» концерт залында «Астанадан, сүйіспеншілікен» атты гала-концерт өтеді. Ал 29 шілдеде «Елордадан елге сәлем! Алпамыс» концерті ұйымдастырылады.

Сондай-ақ 29 шілде күні Қажымұқан атындағы Орталық стадионда Астана мен Шымкент құрамаларының арасында кикбоксингтен матч ұйымдастырылады.

Соңғы жаңалықтар