Шымкенттегі Астана даңғылы Нұрсұлтан Назарбаев болып өзгерді

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Бүгін Шымкенттің орталығындағы Астана даңғылы Нұрсұлтан Назарбаев болып өзгерді. Мұндай шешімді алтыншы шақырылымдағы Шымкент қаласы мәслихатының депутаттары кезектен тыс қырық алтыншы сессиясында қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кезектен тыс ұйымдастырылған жиынға қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов пен әкімдік мүшелері, жергілікті атқарушы орган басшылары мен БАҚ өкілдері қатысты. Сессия кезінде депутаттар Шымкент қаласындағы Астана көшесіне Нұрсұлтан Назарбаев есімін беруді бірауыздан қолдады. Астана даңғылы бұл Шымкент қаласының басты көшесі саналады. Онда қаланың әкімшілік-іскерлік орталығы орналасқан.

Айта кетейік, бүгін ҚР Президентінің міндетін уақытша атқаратын Қасым-Жомарт Тоқаев Астана қаласының атауын және еліміздегі облыс орталықтарында Елбасы Н.Назарбаевқа көше атауларын беруді ұсынған еді. Ел Президенті бұл ұсынысын ҚР Парламентінің қос палатасы және ҚР Үкіметі мүшелері бас қосқан жиында сөйлеген сөзінде айтқан болатын.

null null null null

Соңғы жаңалықтар