Шымкенттегі Аналар күнімен құттықтау қазақстандықтардың көңілін толқытты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Үшінші мегаполистің баспасөз қызметі қазақстандықтарды Аналар күніне орай әсерлі видеороликпен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Видеотаспаны жасаушылардың айтуынша, басты мақсат - жаңа қазақстандық мереке туралы ескерту ғана емес, сондай-ақ барлық адамдарды әлемдегі ең жақын адамдарына жылы сөз айтуға уақыт табуға шақыру.

«Біз түрлі нұсқаларды қарастырдық. Адамдардың шын жүрегімен айтқан сөздері ғана роликті әсерлі ететінін ұқтық», - деп түсіндірді Шымкент әкімдігінің баспасөз хатшысы Айгерім Жұмағұлова.

Еске салайық, Қазақстанда Аналар күні жыл сайын қыркүйектің үшінші жексенбісінде аталып өтіледі. Бұл мереке ресми түрде 2012 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен бекітілді.

Соңғы жаңалықтар