+7 (701) 759 90 19
USD 383.95 EUR 429.26
RUB 6.16 CNY 55.02
Jańalyqtar

Шымкенттегі адам ағзасын трансплантациялау оқиғасы: Басқарма түсінік берді

2019 жылғы 20 қараша 11:50
Бөлісіңіз:
Шымкенттегі адам ағзасын трансплантациялау оқиғасы: Басқарма түсінік берді

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкент Денсаулық сақтау басқармасы адам ағзасын заңсыз трансплантациялау күдігімен ұсталған дәрігерге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«№1 қалалық клиникалық ауруханасының бас дәрігері Донбай Абылай Абдужаппарұлының уақытша ұстау изоляторына қамалғаны туралы ақпарат БАҚ-да таралған болатын. Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы бұл ақпаратты ресми түрде растап, қылмыстық іс тергеліп жатқандығын хабарлайды. Мемлекеттік орган ретінде тергеу барысына араласуға құқымыз жоқ. Аталған факті бойынша құқық қорғау органдары іс жүргізу шешімін қабылдайды. Абылай Абдужаппарұлы 2019 жылдың наурыз айынан бастап №1 қалалық клиникалық ауруханада бас дәрігердің қызметін атқарып келген» делінген басқарма таратқан хабарламада.

Еске салсақ, кеше Шымкент қалалық №1 клиникалық ауруханасының бас дәрігері уақытша оқшаулағышқа қамалғанын хабарлаған болатынбыз.

Ол Қазақстан аумағында ұйымдастырушысы шет мемлекеттің азаматы болып табылатын қылмыстық топ адам ағзаларын трансплантациялау бойынша әрекет еткен деп күдіктелуде.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT