Шымкенттегі 50 мешіттің имамдары қан тапсыру акциясына қатысты

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында Шымкенттегі 50 мешіттің имамдары донор атанды. Дін қызметкерлері қан тапсыру акциясына қатысты.

«Осындай акцияны аға-әпкелерімізге көмек қолын созу үшін өткізіп отырмыз. Біз оған қалалық және оған жақын жердегі мешіттердің имамдарын шақырдық. Қазір көп қайғылы оқиғалар орын алуда, адамды құтқару үшін қан қажетті болатын жағдайлар жиі туындайды», - деп баяндайды ОҚО бас имамының орынбасары Талғат Дәрібаев.

Имамдар мұндай акцияны төртінші рет өткізуде. Олардың айтуынша, жақынына қан беру дінге жақын іс екені туралы жазылады. Қанды алу қатаң түрде норма бойынша өткізіледі. Осылайша, донорды қан тапсыруға жіберу үшін оның жалпы денсаулық жағдайы мен қан қысымын тексереді. Одан кейін алынған қан зертханаға жіберіліп, оның құюға жарамдылығы анықталады.

Бір күнде имамдар 40 литр қан тапсырды. Сонымен бірге дін қызметшілерінің жоспарында мешітке келушілермен әңгімелесіп, оларды донор болуға шақыру ісі бар.

Соңғы жаңалықтар