+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Шымкенттегі 4 аурухана жанына оттегі станциялары орнатылады

2020 жылғы 15 шілде 06:40
Бөлісіңіз:
Шымкенттегі 4 аурухана жанына оттегі станциялары орнатылады

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкенттегі төрт аурухананың базасында оттегі станциясы орнатылатын болды. Бұл туралы қала әкімінің бірінші орынбасары Ербол Садыр мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ақтөбеде ауыл тұрғыны ауруханаға оттегі жастығын тарту етті Түлкібаста қайырымды жандар ауруханаға 10 оттегі концентраторын алып берді

Ербол Садырдың айтуынша, аталған станциялар қалалық перзентхана мен жұқпалы ауруханада, №1 қалалық және №2 көпсалалы ауруханада орнатылмақ. Аталған әр медициналық мекемеде кислородтық 50 төсек-орын ашылады.

Қала әкімінің бірінші орынбасары бұдан бөлек, оттегі өндіретін тағы бір цех іске қосылатынын атап өтті. Онда күніне 1000-2000 дана оттегі баллоны шығарылмақ.

Сонымен қатар ол оттегі өндіретін қаладағы ірі 3 станцияның жұмысы тұрақты бақылауда екенін айтты.

«Жалпы қалада 722 кислородтық төсек-орын бар. Ал, қала аумағындағы барлық 24 ауруханада бір күнде 1200 кислородты баллон қажеттілігі туындап отыр»,- деді Ербол Садыр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT