+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Шымкенттегі 17 жастағы жасөспірімнің өліміне қатысты бес күдікті қамалды

2020 жылғы 3 маусым 14:20
Бөлісіңіз:
Шымкенттегі 17 жастағы жасөспірімнің өліміне қатысты бес күдікті қамалды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкенттегі 17 жастағы жасөспірімнің өлімі бойынша дәрігерлерге қатысты тергеу басталды. Бұл туралы қалалық Полиция департаменті мәлімет таратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қызылордада бір аулада тұрған үш көлік өртенді Алматы полициясы белгілі әнші түсірген вайнға қатысты мәлімдеме жасады Қазақстан ормандары мен дала алқаптарында соңғы екі тәулікте 57 рет өрт шыққан

Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Түркістан облыстық балалар ауруханасының дәрігерлеріне қатысты тергеу шаралары бүгіннен басталған.

«03.06.2020 жылы Түркістан облысының балалар ауруханасының дәрігерлеріне қатысты Еңбекші полиция басқармасымен ҚР ҚК 317-бабы бойынша (медицина қызметкерлерінің кәсіби міндеттерін тиісінше орындамау) материал тіркелген» делінген хабарламада.

Сондай-ақ, полиция қызметкерлері жаппай төбелес болған түні Түркістан облыстық балалар ауруханасына 3 кәмелетке толмаған жасөспірім әртүрлі дене жарақаттарымен түскенін айтады. Олардың арасында Абзалбек Уткуровтың жағдайы өте ауыр болған. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері сол түні, ізін суытпай күдіктілердің барлығын анықтап, олардың бесеуі қамауға алынған. Екеуіне ешқайда кетпеу туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылып, тағы бір күдіктіге іздеу жарияланған.

«Қазір осы қылмыстық оқиға бойынша ҚР ҚК 106-бабының 2-бөлігі 5,7,11-тармақтары (көрінеу кәмелетке толмаған адамға қатысты бұзақылық ниетпен алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру) бойынша басталған сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Тергеу барысында жаппай төбелеске 10 кәмелетке толмаған жасөспірім мен бір ересек тұрғын қатысқаны анықталған. Төбелестен соң күдіктілердің барлығы оқиға орнынан бой тасалаған»,- делінген хабарламада.

Айта кетейік, күні кеше осы жаппай төбелестен ауыр дене жарақатын алған 17 жастағы Абзал Уткуров ауруханада қайтыс болған еді. Оның туыстары төбелеске қатысқандардың Абзалдың басын шлакоблокпен ұрып, тырнақтарын жұлып алғанын айтқан болатын.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT