Шымкентте жылу тарифтері төмендеді

None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті жергілікті атқарушы орган шығындарды жабуға мемлекеттік бюджеттен бөлінген қаражат есебінен «Қуатжылуорталық-3» МКК-ның жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және онымен жабдықтау қызметтеріне тарифтерді төмендетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қуатжылуорталық-3» МКК-ның жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және онымен жабдықтау қызметтеріне мемлекеттік бюджеттен бөлінген қаражатқа жүргізілген талдау қорытындысы бойынша, 2020-2022 жылдарға 2 млрд 356 мың теңгеден астам сома бөлінген.

Осыған байланысты, департамент «Қуатжылуорталық-3» МКК-ның қызметтеріне бір жыл мерзімге уақытша өтемдік тарифтер бекітті.

Нәтижесінде, қолданыстағы тарифтен 4 637,13 теңгеге немесе 41,35% төмендетіліп орташа босату тарифі 6577,70 теңге/Гкал ҚҚС-сыз құрады. Алдыңғы қолданыстағы орташа босату тарифі 11214,83 теңге/Гкал болған.

Төмендеу тұтынушылардың барлық топтарын қамтиды.

Төмендетілген тарифтер 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіліп, 31 желтоқсанға дейін жалғасады.


Соңғы жаңалықтар