Шымкентте жылу беру маусымы жоспардан ерте басталады

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Шымкентте жылу беру маусымы жоспарланған уақыттан ерте басталады. Қала басшылығы күннің күрт суытуына байланысты жылуды қараша айында емес, қазан айынан бастап беру туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазір қаланы жылумен қамтамасыз ететін «Энерго орталық-3» АҚ-ы жылу жүйелерін суға толтыруда. Ал, ертең 12-ші қазаннан бастап су температурасы біртіндеп көтеріледі деп күтілуде.

Мамандардың айуынша, 15-ші қазаннан бастап барлық бюджеттік ұйымдарға жылу берілмек. 20-шы қазаннан бастап жылуға көпқабатты үйлер қосылады.

Айта кетейік, жылдағы ережеге сәйкес Шымкентте жылу беру маусымы үш күн бойына орташа тәуліктік температура +8 градустан төмен болған жағдайда басталады. Алдағы күндері ауа температурасы +21 градусқа дейін көтеріледі деп күтілсе де, қала әкімдігі барлық бюджеттік ұйымдарға, әсіресе ауруханаларға, мектептер мен балабақшаларға жылу беру қажет деп тауып отыр.

Жалпы синоптиктердің болжамынша, Шымкентте ауа температурасы тек жексенбі, 14 қазан күні ғана төмендемек.

Ескерте кетейік, осыған дейін Шымкенте жылу беру маусымы қараша айында басталатындығы хабарланған болатын.

Соңғы жаңалықтар