Шымкентте жыл үздігі атанған БАҚ өкілдері марапатталды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкентте жылдың үздігі атанған БАҚ саласының өкілдері марапатталды. Қала әкімі Ерлан Айтаханов қаламы қарымды журналистердің еңбектерін атап өтіп, ізгі тілегін жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кетейік, бұған дейін қалалық ішкі саясат және дін істері басқармасы БАҚ арасында «Жыл үздіктері» байқауын жариялаған болатын. Байқауға қайырымды қаланың экономикалық-әлеуметтік, рухани-мәдени дамуына қатысты сараптамалық, ақпараттық материалдар қабылданып, үздік шыққан шығарма иелері анықталды.

Бүгін байқаудың қортындысы жарияланып, «Үздік редакция» және «Үздік журналист» номинациялары бойынша жеңімпаздар қаржылай сыйлықтармен марапатталды.

Сондай-ақ, қала әкімінің арнайы «Алғыс хаты» бірқатар азаматтарға табысталды. Олардың арасында журналистер, блогерлер, тіпті қала көшесін тазалап жүрген қоғамдық жұмысшыға көмек көрсеткен «Қайырымды полицейде» бар.

Шымкент қаласының экономикалық-әлеуметтік, рухани-мәдени дамуына қатысты қалам тербеткен «Шымкент келбеті» және «Панорама Шымкента» газеттерінің ұжымы «ҮЗДІК РЕДАКЦИЯ» атанды. Ал, «Оңтүстік» телеарнасының тілшісі «Үздік жүрналист» номинациясын иеленді. Жылдың үздігі атанған бұл ұжымға 500 мың теңгеден қаржылай сыйлық табысталды.

Сонымен қатар, «Жыл үздігі» номинация иелері де марапатталып, қаржылай сыйлықтарға ие болды.

Соңғы жаңалықтар