Шымкентте жыл басынан жүк көліктеріне 100 млн теңгеден астам айыппұл салынды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте жыл басынан бері мөлшерден артық жүк артқан көліктерге қатысты 622 әкімшілік хаттама толтырылып, 100 млн теңгеден аса айыппұл салынған.

Бұл туралы қалалық көліктік бақылау инспекциясы мен жүк тасымалдаушылардың кездесуі барысында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Басқосуда инспекция мамандары қала көшелерінен жүретін жүк көліктерінің жолдардың сапасын құртып жатқанын айтты.

Олардың сөзінше, тиісті мөлшерден артық зат артқан көліктер көше жолдарын бұзып жатыр. Жүк тиеген ауыр көліктердің жалпы салмағы 25 тоннадан аспау керек болса, жүк тасымалдаушылар ауыр көлікке 40 тоннаға дейн зат артады.

«Салмақ параметрінің сақталмауына жол берген ол жүк тиеуші, яғни карьер иесі. Жүк жөнелтуші әкімшілік жауапкершіліктен жалтару үшін тауар төлқұжаттарын бермейді»,- дейді қалалық көліктік бақылау инспекцияның басшысы Ержан Жолдасов.

Кездесу барысында инспекция басшылығы қала аумағында 27 кұм өндіру орынының жұмыстарында да түрлі заңбұзушылықтар орын алып жатқанын жеткізді.

«Жол картасы бағдарламасы аясында жүргізілген сараптама қортындысына сәйкес, бұл 27 орын да заңсыз деп танылып отыр. Өйткені олар орналасқан жер телімдері басқа мақсатқа берілген. Бір жерге мешіт салуға, енді бір жерлер сауда орталығы құрылысына берілген. Бұл мәселе бойынша инспекция тарапынан тиісті шаралар жүргізілуде»,- дейді Ержан Жолдасов.

Соңғы жаңалықтар