Шымкентте жыл басынан бері 39 оқушы COVID-19 жұқтырған

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкент қаласында 2021 жылдың 1 қаңтары мен 2 ақпан аралығында оқушылар арасында COVID-19 зертханалық расталған 39 жағдай тіркелген.

Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram каналына сілтеме жасап хабарлайды.

2020 - 2021 оқу жылының басынан мектеп оқушылары арасында коронавирус инфекциясының 64 жағдайы тіркелген. Шымкент қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті КВИ-дің барлық тіркелген жағдайлары бойынша эпидемиологиялық тексерулер жүргізген.

Тексерулер нәтижесінде, КВИ анықталған 64 оқушының 18-і оффлайн режимде, 46 оқушы қашықтықтан (онлайн) оқығаны анықталды.

Департамент тарапынан COVID-19 таралуын болдырмау мақсатында барлық қажетті эпидемияға қарсы іс-шаралар, оның ішінде індет анықталған мектептерде қорытынды дезинфекция жүргізілген. Оқу жылы басталғалы 17 мектепте 14 күндік карантин жарияланған.


Соңғы жаңалықтар