Шымкентте жыл басынан бері 1110 адам COVID-19 инфекциясынан қайтыс болған

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Шымкент қаласында жыл басынан бері 34 337 адам коронавирус жұқтырып, оның 32 682-сі жазылып шықса, 1110 науқас қайтыс болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифигіде айтты.

«Шымкент қаласында жыл басынан бері коронавирус жұқтырған 34 337 науқас анықталды. Емделіп шыққан науқастардың саны – 32 682. Өкінішке қарай, 1110 науқас қайтыс болды. Қазіргі таңда 1317 науқас емделіп жатыр, оның ішінде 805 науқас үй жағдайында амбулаторлық ем қабылдап жатыр. Стационарда 512 науқас ем қабылдауда. Өткен тәулікте COVID-19 инфекциясын жұқтырудың 126 жағдайы тіркелді», - деді әкімнің орынбасары.

Сондай-ақ, Шыңғыс Мұқан қаланың медициналық мекемелері эпидахуалдың 3 сценариі бойынша дайындық үстінде тұрғанын баяндады.

«Ковидтің ықтимал толқынына үш сценарий бойынша дайындық жүргізілген болатын. Бірінші ағымдағы жағдай бойынша 1 290 төсек-орын жұмыс істеп тұр. Екінші сценарицй бойынша, эпидемиологиялық жағдай нашарласа, төсек-орын санын 4 016-ке дейін артады. Үшінші сценарий бойынша эпидемиологиялық дағдарыс орын алса, 5 416 төсек-орын ашылады. Қалада 1363 төсек-орын жасақталып тұр. Эпидемиологиялық жағдайдың тұрақталуына байланысты қалада 25 тамыздан бастап 1780 төсек-орын жабылды», - деді қала әкімінің бірінші орынбасары.


Соңғы жаңалықтар