Шымкентте жуырда 5 мың орындық жатақхананың құрылысы басталады

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Премьер-Минстрдің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова бастаған делегация М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінде болып, студенттермен кездесті, деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Кездесуде Үкімет өкілдері Жастар жылында қолға алынған жұмыстар мен бекітілген шаралар бойынша және мемлекеттік жастар саясатының негізгі басымдықтары туралы айтты.

Жиынға ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова мен Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова және Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов, сондай-ақ ОҚМУ-дың оқытушылары мен студенттері қатысты.null

Ең алдымен Гүлшара Әбдіқалықова жиналған қауымға Елбасының «Әлеуметтік қамқорлық» жаңа әлеуметтік шараларын түсіндіру бойынша үкіметтік топтың міндеттері туралы хабарлады. Ол бұл жұмыс тобы барған тоғызыншы өңір екенін атап өтті және барлық өңірлерде халық мемлекеттің жаңа әлеуметтік саясатына түсіністікпен қарап, қолдау білдіретінін айтты.

Білім және ғылым министрі К. Шәмшидинова жастарға мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқау қолдаулар мен білім беру жүйесін жетілдіру шаралары, білім беру қызметкерлерінің жалақысының 1 маусымнан бастап 30%-ға дейін артатыны және қоғамдағы мұғалімдердің рөлін арттыру туралы ақпарат берді.

«Елбасымыздың бастамасымен Қазақстанда білім саласына үлкен қолдау жасалуда. «Болашақпен» қаншама жастар шетелде біліктілігін арттырып, еліміздің дамуына үлес қосып жатыр. Елбасының 5 әлеуметтік бастамасының аясында қосымша 20 мың грант берілді. Бұл - Жастар жылында ерекше қолдау. Жастар үшін жатақхана мәселесі де өзекті. Қазіргі таңда бұған айрықша назар аударылуда. Бұл бағытта бүгінде 20 келісімшарт жасалып жатыр. Оның ішінде, Шымкентте әзірге 3 келісімшарт түзілді. Атап айтсақ, 2-уі - педагогикалық университетте, 1-уі - медициналық академияға тиесілі», - деді Білім және ғылым министрі.

Айта кетейік, Шымкентте қазір 48 оқу орны мен 39 жатақхана бар. Оларда жеті жарым мың студент тұрып жатыр. Әлі де 8 мың орын жетіспейді. Осы мәселені шешу үшін қалада 8 гектар жер телімі бөлінген. Жақын арада мұнда 5 мың орындық жатақхананың құрылысы басталады.

Соңғы жаңалықтар