Шымкентте жұрттың наразылығын туғызған билборд көшеден алынып тасталды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат- Шымкентте жұрттың наразылығын туғызған билборд көшеден алынып тасталды. Кеңсе тауарларын жарнамалаған тақтайшада сексуалды мәтінмен бірге жалаңаш денелі балалар бейнеленген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Көпшілікке ерсі көрінген жарнама тақтайшасын Айда Жексен есімді блогер Facebook парақшасында жария еткен болатын.
«Шымкенттегі осы билборд қазақстандықтардың наразылығын туғызды. Онда баланың бейнесін сексуалды мәндегі жарнамаға пайдаланған. Заң жүзінде кәмелет жасына толмаған балалардың бейнесін оларға қатысы жоқ тауарлар мен жұмыстар туралы жарнамаға визуалды немесе дыбыстық тұрғыда пайдалануға тыйым салынған (әлеуметтік жарнамадан басқа). Сондай-ақ, бұл жарнамалар педофилдердің назарын аударады. Осы мәселеге Аружан Саинның мән беруін өтінем» делінген жазбада.
Артынша бұл мәселеге қала билігі назар аударып, тез арада билбордты алдырып тастады. Ерсі көрінген жарнама тақтайшасының алынғанын блогер де көпшілікке хабарлады. Әкімдіктің мәліметінше, билбортағы жарнаманы кәсіпкер өздігінен жасатқан, оның суреті мен мәтінін мемлекеттік орган басшыларымен келіспеген.


Соңғы жаңалықтар