Шымкентте журналисті ұрып-соғу оқиғасына қатысты қылмыстық іс қозғалды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкенттің орталық мешітінде журналисті ұрып-соғу оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Кеше 25 маусым күні Шымкент қаласындағы «Ақмешіт» орталық мешітінде орналасқан эвакуациялық пунктінде БАҚ өкілдері мен эвакуцияланған Арыс қаласының азаматтары арасында болған жанжалға байланысты ҚР ҚК-нің «Бұзақылық» 293-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде» делінген хабарламада.

Айта кетейік, оқиға кеше «Ақмешіт» орталық мешітінде болған. Арыс тұрғындарына арналған адамдарды түсіруге барған «Vласть» басылымының журналистіне оннан аса адам шабуыл жасаған. Олар БАҚ өкілдерінің камераларын тартып алмақ болған.

Оқиға орнына тәртіп сақшылары келіп, ашуға булыққан көпшілікті басқан. Бұл қақтығыстың видеосын БАҚ өкілі Қанат Бейсекеев өзінің Instagram парақшасында жариялаған еді.

Соңғы жаңалықтар