Шымкентте жүргізушісі жоқ автобус 4 адамды қағып өлтірді

None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте жүргізушісі жоқ автобус 6 адамды қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат полицияға сілтеме жасап.

Бүгін, 8 сәуір кешкі сағат 18:30 шамасында «Метро» сауда үйінің жанындағы екі көшенің қиылысында жүргізушісі жоқ автобус қарсы бағытқа шығып кетіп, жаяу жүргінші жолағында келе жатқан 6 адамды қаққан.

Салдарынан екі әйел мен жасөспірім оқиға орнында және кәмелетке толмаған қыз жансақтау бөлімінде көз жұмды.

Тағы екі адам ауруханада жатыр.

Оқиға орнына жеткен Шымкент қаласы полиция департаментінің жедел тергеу тобы жүргізуші соңғы аялдамадан қарсы бағытқа бұрылып, автобусты қол тежегішінде қалдырып, көліктен шығып кеткенін анықтады.

Қазір оқиға орнында тергеушілер мен криминалистер жұмыс істеп жатыр.

ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, автобустың жұмысқа жарамдылығын тексеру үшін автотехникалық сараптама тағайындалды.

Жүргізуші уақытша изоляторға қамалды.


Соңғы жаңалықтар