Шымкентте жүргізуші полицейлерге пара бермек болды

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Шымкентте жол ережесін бұзған көлік жүргізушісі полицейлерге 20 мың теңге көлемінде пара бермек болған. Қазір осы жәйт бойынша тергеу амалдары басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шымкент қалалық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, қазір бұл оқиғамен Өзіндік қауіпсіздік басқармасы айналысуда.

«Жүргізуші параны ЖПҚБ патруль полициясы полкінің взвод командирі, полиция капитаны Қайрат Әлімханов пен полиция инспекторы, полиция аға лейтенанты Марат Қасымбековке ұсынған. Қазір Өзіндік қауіпсіздік басқармасы осы жайт бойынша ҚР ҚК-нің 367-бабының 1 бөлігімен («Пара беру») іс қозғап, сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр» делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар