+7 (701) 759 90 19
USD 384.63 EUR 427.98
RUB 6.08 CNY 54.68
Jańalyqtar

Шымкентте жүргізуші куәлігін саудаға салған 26 полицейге үкім оқылып жатыр

2019 жылғы 11 қараша 11:38
Бөлісіңіз:
Шымкентте жүргізуші куәлігін саудаға салған 26 полицейге үкім оқылып жатыр

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте 26 полиция қызметкері мен 12 делдалға қатысты үкім оқыла бастады. Айыпталушылар қатарында тіркеу-емтихан бөлімінің 5 бірдей басшысы да бар. Екі жылға созылған тергеуден соң басталған сот отырысы бір жарым жылға созылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Қызылордада мас күйінде танысын өлтірген адам 9 жылға бас бостандығынан айырылды Оралда қызды қағып, қашып кеткен жүргізуші екі айға қамауға алынды Талдықорған тұрғынын «қарызың бар» деп ұшаққа мінгізбей қойғандар өтемақы төлейді

Өткен жылдың шілде айында басталған сот отырысына жетпіске тарта қорғаушы қатысты. Айыпталушыларға қатысты қылмыстық іс мың жарым томнан асып кеткен.

Айта кетейік, айыпталушылардың алды 2016 жылдың шілде айынан ұсталып, үш жылдан аса уақытша тергеу абақтысында отырды. Айыптау актісі бойынша Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІД Әкімшілік полиция тіркеу-емтихан басқармасының бұрынғы басшысы Артықбек Жаппаров қылмыстық топ ұйымдастырды деп айыпталған болатын. Яғни, параға жүргізуші куәлігін беріп, кез келген аймақтың мемлекеттік нөмірін жасап отырыпты. Жалпы саны 38 айыпталушыға қылмыстық кодекстің 8 бабы бойынша айып тағылып отыр.

Ұлттық бюро арнайы операция ұйымдастырып, Шымкент пен оңтүстіктегі бірнеше лауазымды шенділерді бір күнде ұстаған болатын. Күдіктінің біреуі кабинетін құлыптап алып, есікті ашам дегенше ақша мен құжатты өртеп, базбірін жеп те қойған болатын. Екі жылға созылған тергеуде күдіктілер келтірген шығын 2,7 миллиард теңгеге жеткен.

Істі Шымкент қалалық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында судья Әбсаттар Шайхидинов қарады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Сот, Заң, Шымкент,
Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT