Шымкентте жүк көлігі бағдаршамда тұрған сегіз көлікті соғып кетті

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат -  Шымкентте жүк көлігі бағдаршамда тұрған сегіз көлікті соғып кетті. Жол көлік оқиғасы қаладағы Бәйдібек би мен Арғынбеков көшелерінің қиылысында орын алған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

null null

Бүгін  таңертеңгі сағат он бірлер  шамасында Хово жүк көлігі  бағдаршамда тұрған көліктерді сүріп өтіп, жаяу жүргіншілер жолына шығып кеткен. Куәгерлердің айтуынша, жүк көлігі алдымен «Daewoo Gentra» маркалы машинаны соғып, бірнеше метрге сүйреп кетіпті. Сөйтіп бағдаршамның маңында тұрған бейне камера бағанасына соғысқан көлік көлік жарамсыз күйге түскен. Салдарынан «Daewoo Gentra»-ның жүргізушісі басы жарылып, қатты зардап шеккен. Жарақат алған жүргізушіні жедел жәрдем көлігі ауруханаға алып кетті. Оқиға орнында тағы бір «Сhevrolet Cruze» автокөлігі  жүк көлігінің алдында қалып қойып, жарамсыз халге түскен. Жүк көлігі мұнан өзге  тағы төрт автокөлік пен екі автобусқа  зақым келтіріпті. Дегенмен жолаушылары да, жаяу жүргіншілер де дін аман.

null null 

Қазіргі таңда тәртіп сақшылары  оқиға орнында анықтау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Сегіз бірдей көлікке зақым келтірген жүк көлігінің бағдаршамда не үшін тоқтай алмағаны әзірге белгісіз. Тежегіші істен шығуы мүмкін деген болжамдар да айтылуда. 

null null null 

Соңғы жаңалықтар