Шымкентте жолдан өтіп бара жатқан екі адамды көлік қағып кетті

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте жолдан өтіп бара жатқан екі қызды көлік қағып кетті. Жол көлік оқиғасы орталық көшелердің қиылысында болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі. 

Белгілі болғандай, Желтоқсан көшесімен келе жатқан көлік Байтұрсынов көшесіне бұрылмақ болған. Осы кезде қарсы беттен басқа көлік келіп қалған. Жол көлік оқиғасын болдырмаймын деген ол жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан екі қызды қағып кеткен. Салдарынан  жолаушылар  түрлі дене жарақатын алды. Қалалық жедел-жәрдем ауруханасына жеткізілді.

«Жарақат алғандар  1981 және 1994 жылы туған қыздар екені анықталды. Олар ауруханаға жеткізіліп, алғашқы медициналық көмек көрсетілген. Жағдайлары жақсы болған соң үйлеріне қайтарылды. Ал, кінәлі жүргізушінің үстінен Әкімшілік кодекстің 610-бабымен іс қозғалды. Тергеу шаралары жүргізілуде. Сот-медициналық сараптама жүргізу барысында оның алкоголь ішімдігін ішпегені белгілі болды»,-деді облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Қаракөзова.

Соңғы жаңалықтар