Шымкентте жолаушыны қағып өлтірген жүк көлігінің жүргізушісі іздестірілуде

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкентте 62 жастағы жолаушыны қағып өлтірген көлік жүргізушісі оқиға орнынан қашып кеткен. Қайғылы жағдай Алматы-Ташкент-Термез автожолында болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, белгісіз көлік қағып кеткен адам алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмған. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері келеңсіз жағдайдың барлық мән-жайын анықтап, ізін суытқан жүргізуші мен оның автомобилін анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуде.

«Осы жайт бойынша Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері ҚР ҚК-нің 347 бабы және 345 бабы 3 бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізуде. Бірқатар тиісті сараптамалар тағайындалды», делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар