Шымкентте жол жиегіндегі жылқыларды соққан көлік жүргізушісі қайтыс болды

Фото: None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат- Шымкентте жол жиегіндегі жылқыларға соғысқан көліктің жүргізушісі қайтыс болды. Жол көлік оқиғасынан тағы 4 жолаушы түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға Шымкент қаласы Еңбекші ауданы Абдулабад ауылы, Абдулабад көшесінің бойында болған.

Сағат 20:00 шамасында 4 жолаушысы бар «ВАЗ 21099» маркалы автокөлік жол бойымен өтіп бара жатқан жылқыларды қағып, қарсы бағытқа шығып кеткен. Салдарынан, қарсы бағытта келе жатқан «Volkswagen Passat» маркалы жеңіл көлікпен соқтығысып, жол апатын оқиғасын жасаған.

«Аталған оқиға бойынша, ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі «Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» бойынша іс қозғалып, қажетті сараптамалар тағайындалды»,-делінген Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.


Соңғы жаңалықтар