Шымкентте жол-көлік оқиғасы салдарынан әйел адам көлікте қысылып қалған

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте орны алған жол-көлік оқиғасының салдарынан әйел көліктің ішінде қысылып қалды, деп хабарлады облыстық ТЖД-інен.

«Апат Шымкент-Ташкент күре жолында орын алды. Шымкенттің жаңа көлік базарына жақын жерде жүргізушілері көліктерін басқара алмай, «Опель вектра» мен «Тойота камри» соқтығысты», - деді ОҚО ТЖД құтқару отрядының ресми өкілі Павел Вишенин.

Жол апатының куәгерлері құтқарушыларды шақыртты. Оқиға орнына келген олар көліктердің бірінде әйел адамның қысылып қалғанын анықтады. Оны тек арнайы гидравликалық құралдың көмегімен алып шығу мүмкін болды. Зардап шегушіні «жедел жәрдем» дәрігерлері алып кетті.

Соңғы жаңалықтар