Шымкентте жол апатынан 5 адам, соның ішінде жүкті әйел зардап шекті

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте көк тайғақтан екі көлік соқтығысып, салдарынан 5 адам зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі. 

Жол-көлік оқиғасы бүгін сағат 10.00 шамасында Бадам-Шымкент тас жолында орын алған. Оқиғаға куә болғандардың айтуынша, жоғары жылдамдықпен келе жатқан «Мерседес» көлігі жол үстінде тайып, қарсы бағыттағы «Фолькцваген Пассатпен» соқтығысқан.  Салдарынан «Мерседес» жолдан шығып кетіп, аударылған.
null 

Төрт жолаушы мен бір жүргізуші зардап шекті. Олардың арасында жүкті әйел де бар болып шықты. Барылығы Шымкент қалалық жедел-жәрдем ауруханасына жеткізілген.

Қазір дәрігерлер 1989 жылы туған жүкті әйел мен екі жолаушының жағдайы ауыр екенін айтуда. Олар аурухананың жан сақтау бөліміне жатқызылған. Ал екі науқастың жарақаттары - орташа деңгейде, олар медициналық көмек көрсетілгеннен кейін бөлімшелерге жатқызылды.

Облыстық ІІД баспасөз қызметінен мәлім еткендей, жол апатының себеп-салдарын анықтау басталды. 

Соңғы жаңалықтар