Шымкентте жоғалған қарияны көлік қағып кетіп, ауруханада көз жұмғаны анықталды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте жоғалған 68 жастағы ер адам жедел медициналық көмек ауруханасында қаза тапқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы оның қызы Наталья Хан мәлім еткен. Анықталғандай, 14 маусымда қарияны велосипедпен кетіп бара жатқан кезде машина қағып кеткен.

«Көршілер оны 17 маусымда көрдік деп жалған ақпарат айтты. Сондықтан, бүгін мен жедел жедел медициналық көмек ауруханасына келгенде, оны таппадым. Ал, ол ауруханаға 14 маусымда түскен. Сол күні ол велосипедпен кетіп бара жатқан кезде, жігіттер оны қағып кеткен. Олардың айтуынша, әкем жолдың жүретін бөлігіне шығып кеткен, ал жігіттер маневр жасап үлгермеген. Жігіттер полиция мен жедел жәрдем шақырған. Дәрігерлер туыстарын іздеген, алайда таба алмағандарын айтты. 17 маусымда аурухана қызметшілері телеарнаға хабарлама берген, бірақ біз ол кезде қалада болмадық. Сондықтан, кеш білдік. Ол бірден комаға түсіп, бес күн бойы сонда жатқан. Біз онымен қоштасып үлгермедік», - деді Н. Хан.

Еске салайық, бұған дейін Шымкентте бір отбасы жоғалған қарияны іздеп жатқанын хабарлаған болатынбыз. 

Соңғы жаңалықтар