Шымкентте жоғалған бүлдіршінді табуға ұлттық ұлан сарбаздары көмектесті

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкенттегі жаңадан ашылған арбатта екі жасар бүлдіршін жоғалып қалды. Бұл туралы қалалық еріктілер клубының әлеуметтік парақшасында жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Парақшада баланы табуға ұлттық ұлан сарбаздары мен тұрғындар көмектескені жөнінде жазылған.

«Қысқаша айтсақ, 2 жасар бала арбатта көзден таса болған. Оны табуға ЖПҚ 11-ші ротасы мен 6506 әскери бөлімі үшінші батальонының сарбаздары көмектесті. Оларға жедел жұмыс жасағаны үшін алғыс айтқым келеді. Сондай-ақ, іздеуде өз көмегін ұсынған екі бойжеткенге және жас шамасы 15-17-дегі жігітке, баланы тікелей тауып, 102 нөміріне қоңырау шалған адамға алғыс айтқым келеді. Жол полициясы қызметкерлері алғыстан бас тартты. Сондықтан алғысымды осы жерде білдіргім келеді!»,- делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар