Шымкентте жеңгетайлық жасап жүрген келіншек ұсталды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте жеңгетайлық жасап жүрген 30 жастағы келіншек ұсталды. Күдікті қаладағы сауналардың бірінде әкміші болып жұмыс істеген, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

Облыстық ІІД-нің Ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасы қызметкерлері жеңгетайды жедел профилактикалық шара барысы кезінде қолға түсірді. Ол кезекті рет ақысын төлеген жігітке жеңіл жүрісті қыз тауып берген. Тәртіп сақшылары сезіктіні сол ақшаны алу барысында ұстаған. Қазір оңай жолмен олжалы болып жүрген келіншектің үстінен Қылмыстық кодекстің 306 бабы «Жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық» бойынша іс қозғап, тергеу амалдарын жүргізуде. Сауна әкімшісінің қанша уақыттан бері осы кәсіппен айналысып жүргені анықталуда.

Рейдтік шара барысында полицейлер сондай-ақ тәнін саудалап жүрген 40 шақты қыз-келіншекті тіркеуге қойды.

Айта кетейік, жыл басынан бері өңірде осы мағыналас 11 қылмыс тіркелсе, соның ішінде 10 қылмыстық  іс жеңгетайлық жасағаны үшін қозғалған. 

2 

3 

4 

5 


Соңғы жаңалықтар