Шымкентте жемқорлықпен айыпталған 23 лауазымды тұлға сотталды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкентте жыл басынан бері 31-і сыбайлас жемқорлық қылмыс тіркелген. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Асхат Жұмағали мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Департамент басшысының сөзінше, тіркелген қылмыстардың қатарында 20 парақорлық және 18 жымқыру дерегі бар. Салаларға бөліп қарағанда құқық қорғау органдарында - 10, ауыл шаруашылығы саласында – 5, жер қатынастарында – 3, білім беру және денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыз ету салаларында бір қылмыстан анықталған.

Сыбайлас жемқорлық жасағаны үшін 33 тұлға ұсталып, 23-і сотталған. Оның ішінде біреуі республикалық, 3-уі облыстық, 2-уі – аудандық деңгейдегі басшылар.

Департамент тарапынан жемқорлық қылмыстарын жасауға ықпал еткен мән-жайларға сараптама жүргізіліп, оларды жою бойынша 100-ден астам ұсыныс енгізілген. 39 лауазымды тұлға әртүрлі тәртіптік жазаға тартылып, 4-уі атқарып отырған лауазымынан босатылған. Тағы 11-і жұмысынан шығарылды.

Айнұр Ақбаева

Суреті поштада

Соңғы жаңалықтар