Шымкентте жеке клиникаға қаралуға барған полицей қайтыс болды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте жеке клиникаға қаралуға барған полиция қызметкері қайтыс болды. Қазір тәртіп сақшысының қандай жағдайда көз жұмғаны тергеліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 25 қыркүйек күні қаза тапқан полицейдің өлімі бойынша Қылмыстық кодекстің 317-бабы «Медицина немесе фармацевтика жұмыскерiнiң кәсiби мiндеттерiн тиiсiнше орындамауы» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 

Ал, марқұмның туыстары болса, 29 жастағы полицей жеке клиникаға жүкті әйелімен бірге барғанын айтады. Ондағы медицина қызметкерлері сап-сау жігітке екпе жасамас бұрын сынама алмады деп айыптап отыр. Қалай болғанда да, тәртіп сақшысының неден қайтыс болғаны тергеуден соң белгілі болмақ. 

Соңғы жаңалықтар