Шымкентте жедел жәрдем көлігі апатқа ұшырап, 4 адам зардап шекті

Фото:
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте «NISSAN TIIDA» маркалы автокөлік жедел жәрдем көлігіне соқтығысты. Жол апатынан 4 адам зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға Жаңақұрылыс және Байшұбар көшелерінің қиылысында болған. Салдарынан жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі және екі жолаушысы әртүрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді. Олар дәрігерлер қарағаннан кейін үйлеріне қайтарылған. Ал 33 жастағы жолаушы түрлі дене жарақаттарымен аурухананың жансақтау бөліміне түскен.

«Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр» - делінген Шымкент қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.




Соңғы жаңалықтар