Шымкентте жауыннан қираған үйдің тұрғындары уақытша басқа баспанаға көшіріледі

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте жауыннан қираған үйдің тұрғындары уақытша басқа баспанаға көшіріледі. Бұл туралы құлаған тұрғын үйдің жағдайымен танысып қайтқан қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

Шымкент қаласының әкімі Ғ.Әбдірахымов «Таң Нұры» көшесіндегі құлаған тұрғын үйдің жағдайымен танысып қайтты. Мамандар тексеру барысында үйдің іргетасы әлсіз, қабырғасы қам қыштан соғылғанын анықтады. Олардың айтуынша, құрылысы теxникалық талаптарға сай келмеген. Ал қыс маусымында толассыз жауған жауын-шашын салдарынан үйдің іргетасы құлаған. 

Қала әкімі оқиға орнында үй иелерімен кездесіп, оларды демеушілер тарапынан бір жылға жалдамалы пәтерге орналастыратынын мәлімдеді.

Ғ.Әбдіраxымов мұндай жағдайдың қайталанбауын қадағалау мақсатында қалалық «Шаңырақ» бағдарламасын құруды ұсынды. Бағдарлама аясында ескі, сапасыз соғылған апатты үйлер анықталып, қауіптің алдын алу жұмыстары жүргізілетін болады.

Соңғы жаңалықтар