Шымкентте жастар форумы өтті

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте жастар жылының қарсаңында алғашқы форум өтті. «Жастар - ұлттың басты капиталы» атты форум алаңына танымал кәсіпкерлер мен білім беру саласындағы тәжірибелі басшылар, белгілі спортшылар мен республикалық жастар ұйымдары және қоғамдық бірлестіктерінің жетекшілері қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тәуелсіздік күні қарсаңында ұйымдастырылған шараға сондай-ақ, блогерлер мен жергілікті атқарушы органдарының өкілдері, ірі және орта бизнес өкілдері мен қала жастары шақырылды. 

Басқосуда қаладағы бизнес-қауымдастықтар мен жастардың арасында кәсіби және іскерлік байланысын дамыту мен жаңа буынның өзекті мәселелерін анықтайтын және оны шешу жолын қарастыратын коммуникациялық алаң құру жайы сөз болды.

Сонымен қатар елімізге танымал   Қуаныш Шонбай, Бауыржан Қасымбергебаев, Ибрагим Ескендір, Серік Есматов, Арман Оспанов, Өркен Кенжебек сынды спикерлер өз тәжірибелерімен бөлісті. Түрлі саланың сарапшылары 5 сессия бойынша тәжірибе алмасты. Еліміздің белсенді жастары «Жастар кәсіпкерлігін дамыту» мен «Білім беру саласының озық технологиялары», «Жастар арасында бұқаралық спортты дамыту» мен «Бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желінің жастар тәрбиесіндегі рөлі», сондай-ақ «Жастар ұйымдарының әлеуетін арттыру» мәселелерін жан-жақты талқылады.
null

Бұдан өзге форумда Шымкент қаласы балалар, отбасы және жастар істері жөніндегі басқармасы мен қаладағы ірі кәсіпорындар, үлкен және шағын бизнес құрылымдармен жастар арасындағы жұмыссыздықты азайту мақсатында екі жақты меморандумға қол қойылады деп күтілуде. 

700-ден аса жас қатысқан жиында  мемлекеттік жастар саясатын дамыту бойынша ұсыныстар әзірленді.

null

Соңғы жаңалықтар