Шымкентте жасөспірімдерді тонап жүрген күдіктілер ұсталды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте жасөспірімдерді көшеден тоқтатып, ұялы телефондарын тонап жүрген күдіктілер ұсталды. Полицейлер күдіктілердің бір күнде үш рет осындай қылмыс жасағандарын айтады, - деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

Қаладағы әл-Фараби аудандық полиция бөлімшесіне бір жасөспірімнің анасы арызданған. Оның сөзінше, орталық көшелердің бірінде белгісіз біреулер кәмелет жасына толмаған ұлына күш көрсетіп, ұялы телефонын тартып алыпты.

Болған жайт бойынша тәртіп сақшылары «Тонау» бабымен қылмыстық іс қозғап, күдіктілерді іздестіреді. Шұғыл іздестіру шаралары барысында осы қылмысқа қатысы бар деген үш сезікті ұсталды. Қолға түскен үшеудің ішінде жасөспірімдер де бар болып шықты.

Тергеу барысында олардың дәл осы күні тағы екі қылмыс жасағандары анықталды. Яғни, Қырғыз базары маңынан өтіп бара жатқан екі жасөспірімді тоқтатып, күштеп телефондарын тартып әкетіпті. Қазіргі таңда полицейлер күдіктілердің өзге де қылмыстарға қатыстылығын тексеруде. 

Соңғы жаңалықтар