Шымкентте жас жігіт жоғалып кетті

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте сөйлеу қабілетінен айырылған жас жігіт жоғалып кетті. 29 жастағы Құдайберген Тұрсынбайды туыстары төрт күннен бері таппай жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, ол 14 мамырдан бері іздестірілуде.

«1989 жылы туған Құдайберген Тұрсынбай Шымкентттің  «Бекжан» автовокзалы маңызда із-түзсіз жолағып кеткен. Қазір хабар- ошарсыз кеткен тұрғынды Абай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері іздестіріп жатыр» делінген хабарламада.

Құдайберген Тұрсынбайдың туыстары оның қаланы жақсы білмейтінін айтады. Сондай-ақ құжаттарын да алмаған. Қалтасында ақшасы да жоқ көрінеді.

Оның белгілері: бойы 180 сантиметр, орта денелі, қысқа шашты, түсі қара. Жоғалған күні үстінде сұр түсті спорттық киім мен қара бас киімі болған.

Құдайберген Тұрсынбайдың туыстары оны көргендер немесе ол туралы қандай да бір мәлімет білетіндер  болса мына байланыс нөмерлеріне:  87011926119, 87711160707 немесе 102-ге хабарласуларын  сұрайды. 

Соңғы жаңалықтар