+7 (701) 759 90 19
USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Шымкентте жас келіншек сауда орталығында босанды

2021 жылғы 9 қазан 17:08
Бөлісіңіз:
Шымкентте жас келіншек сауда орталығында босанды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - «Шымкент плаза» қызметкерлері мамандықтарын өзгертіп акушер болуға мәжбүр болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Оtyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанда инсультті тез анықтайтын жоба іске қосылды Павлодарда мейрамхананың жанында екі адамды көлік қағып кетті Степногордағы әлімжеттік: жеті тәрбиеленуші оқудан шығарылды

Бүгін аталған сауда орталығында сағат екілер шамасында 27 жастағы келіншек босанды. Ал мекеме қызметкерлері алғашқы көмек көрсетіп, қыз баланың өмірге келуіне септігін тигізді.

Олардың айтуынша, аяғы ауыр келіншектің өзі де бұлай тез босанамын деп ойламаған көрінеді. Айта кетейік, бұл «Шымкент Плаза» сауда үйінде дүниеге келген екінші сәби.

Айгүл Ташбенбетова, HR менеджер: «Осы жерде босанды. Қыздің өзі де білмеген шығар. Сондай жағдай болатынын. «Шымкент Плазадағы» бұл екінші рет. Ал кинотеатрда бірінші рет. Кішкене қобалжып тұрмыз әрине. Стресс, шок. Күтпеген жағдай болды енді. Анасы да күтпеді, біздің әріптестермізде күтпеді», - дейді HR менеджер Айгүл Ташбенбетова.

Киім ауыстыратын бөлмеде дүниеге келген нәресте тез арада қалалық перинетальдық орталыққа жеткізілген. Салмағы 3 келі, бойы 54 см. Ақ халаттылардың айтуынша, ана мен баланың қазіргі жағдайы жақсы.

Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Позиловтың айтуынша, жағдайы жақсы. «Тез арада реанимация бригадасы жіберілді. Артынша кюезі бар арнайы бригада жіберілді. Анасы мен баласына алғашқы көмек көрсетіліп қалалық перинетальдық орталыққа жеткізілді. Өйткені ол ең жақын орналасқан аурухана. Қазір жағдайы жақсы. Қалалық босану үйіне тасымалдау бойынша сұрақтар шешіліп жатыр», - дейді басқарма басшысы.

Мөлдір Ибадуллаева


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT