Шымкентте жас келіншек 12 қабаттан секіріп кетті

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте жас келіншек 12 қабаттан құлап, мерт болды. Өңірдің ішкі істер департаментінің қызметкерлері қазір 32 жастағы әйелдің өз-өзіне қол жұмсауға не себеп болғанын анықтап жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.    

Қайғылы жағдай Темірлан тас жолының бойындағы көпқабатты үйлердің бірінде болған. Жас келіншек жоғарыға көтеріліп, өзін-өзі тастап жіберген. Оған тіпті жанында болған жас жігіт те көмектесе алмаған. Оқиға орнына жедел жәрдем қызметі жеткенімен, өмірін сақтап қала алмады.  Қазір тәртіп сақшылары осы дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 105-бабы «Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу» бабымен іс қозғады. Тергеу амалдары жүргізілуде. Полицейлер бақилық болған келіншектің суицид жасаған, жасамағанын  анықтайтын болады.

 

Соңғы жаңалықтар