Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 379.36 EUR 424.47
RUB 5.88 CNY 54.95
Jańalyqtar

Шымкентте жас бала улы сұйықтық ішіп, уланып қалды

2019 жылғы 12 сәуір 17:33 860
Бөлісіңіз:
Шымкентте жас бала улы сұйықтық ішіп, уланып қалды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкенттік дәрігерлер тері ісігін кетіруге арналған сұйықтыққа уланған өзбекстандық баланы құтқарып қалды. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен хабарлады.

Ұқсас жаңалықтар
Шымкентте бір жасар бүлдіршін сірке суын ішіп қойған Ақтөбеде оқушылар астан уланып, мектеп директоры жазаланды

Балдырған абайсызда улы сұйықтықты ішіп қойған. Осыдан кейін ауыр жағдайда Гипербариттік оксигенация орталығына жеткізіліп, жансақтау бөліміне жатқызылған. Дәрігерлердің айтуына қарағанда, улы сұйықтық баланың ауыз қуысын күйдіріп жіберген.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасынан хабарлағандай, шұғыл реанимациялық көмектің арқасында баланың жағдайы жақсарып, ол жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырылған.

Қазіргі таңда уланған бала анасымен бірге ауруханада емделіп жатыр. Зардап шеккен бүлдіршін - Өзбекстан тұрғыны. Ол ата-анасымен бірге Қазақстанға қонаққа келген. 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Оқиға, Шымкент, Медицина,
Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
MURAǴAT