Шымкентте жарылыс салдарынан қираған жеке тұрғын үйдің орны тазартылуда

None
None
ШЫМКЕНТ. Қазақпарат - Шымкентте Халықтар достығы көшесіндегі жеке тұрғын үйден шыққан жарылыстың орны тазартылуда. Әзірге қалпына келтіру жұмысын тұрғындар өз күшімен жүргізуде, деп хабарлайды Қазақпарат ХАА тілшісі.

Екі қабатты тұрғын үй жалға берілген. Оның екеуінде тұрған отбасылар зардап шеккен. «Қайтыс болған әйелдің жасы 29-да. Оның артында әскери салада жұмыс істейтін жолдасы мен тоғыз айлық нәрестесі қалды», - дейді көршісі Индира Болысбекова.

Апаттан кейін алғашқылардың бірі болып көршілер көмекке келген. Олар қолына күрек алып, үйінді астында қалғандарды  қауіпсіз жерге шығарған. Ең бірінші бесікте жатқан сәби құтқарылған. Ал, бірінші қабаттағы пәтерде жалғыз әйел болған көрінеді. Оның миы шайқалып, туыстарының үйіне жіберілген.
 

Ауруханаға жеткізілген жәбірленушінің бірі жансақтау бөлімшесінде жатыр. Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз хатшысы Зарипа Абдуллаева орын алған дерекке қатысты түсініктеме берді. Қазір, мамандар анықтау шарасын бастап кетекн. Оның қорытындысы алдағы күндері белгілі болады.

Алмас СҰЛТАН  

Соңғы жаңалықтар